Monday, 13 May,2024

"Не болған..." Әнші Ақбота Сейтмағамбеттің адам шошырлық бейнежазбасы тарады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Әнші, актриса Ақбота Нұрдың адам аярлық келбеті жұртты шошытты. Бетіндегі жарақатқа жұрт аң-таң, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбаны әнші әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода беті жараланған Ақботаға бірнеше қыз-келіншек көмектесіп жүр. Тіпті көзін ақ бинтпен басып, ем көрсетуде.

Желідегі жұрт әншінің жағдайына алаңдап отыр. Тіпті уайыммен түрлі пікір қалдырған.

"Ойбуй, не болған". "Қандай жағдай болса да аман болсын". "Әп-әдемі Келіншек. Екі балапаны бар ма? Жолдасы қайтқан ба? Құдай пана болғай". "Бас аман болсын. Шаш қайта шығар. Мықты болыңыз". "Түсірілім болар... Ауырса бұлар жасырады гой", - деген пікірлерді оқисыз.

Ұсынылатын