Monday, 13 May,2024

“Не пайда?” Наркенже Серікбаева “Нұр-Мұқасаннан” асып түсті

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Танымал әнші Наркенже Серікбаева 90-жылдардың хиты болған «Не пайда?» әнін заманауи стильде ғажап орындап шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Асылхан Сапаевтың сөзіне жазылған Сәрсенбек Бәкірдің әнін Наркенже Серікбаева «COVER SHOW» бағдарламасында орындады. Әнші «Не пайда?» толғауын өзгеше стильде айтып шықты. Оның орындау шеберлігіне қазылар алқасынан бастап, көрермендер де ырзашылықтарын білдірген. Ал ақын Бауыржан Халиолла өзінің Instagram-дағы парақшасында әншінің шеберлігіне тәнті болғанын жазды.

«Жалпы қай шығармаға да талғампаздықпен қараймын. Кезінде "Нұр-Мұқасан" дуэті орындаған мына бір ортаңқол дүниені тыңдағым келмесе де тыңдағам. Себебі өнер кеңістігінде рухани дағдарыс болған заман, басқа құлақ құрышын қандыратын дүние жоқтың қасы еді. Ал, Наркенже Серікбаева деген әнші сол толғауды қазіргі заманауи леппен керемет орындапты. Орындаушылық шеберлігіне тәнті болдым», - деп жазды ақын.

Ұсынылатын