Не жазығы бар? Жаңа туылған сәбиді қоқыс контейнеріне тастап кеткен
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Интернетте қоқыс контейнеріне тастап кеткен сәбидің бейнежазбасы тарады. Жұрт бұл жағдайға жағасын ұстап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ер адамның қоқыс контейнеріндегі қара пакетті көрсетіп тұрғанын байқайсыз. Ақырындап жылаған сәбидің дауысы естіледі. Мұнан кейін жерге алып, ішін ашқан сәтте шынымен тірі нәресте болып шыққан.
"Құдай біледі, қоқысқа тасталып ешкім көрмей білмей полигонға тиеліп кетіп қалғандары да бар шығар. Қандай қиын. Еңіреп жылап алдым, сосын тірі ғой деп қуанып та отырмын", - делінген бейнежазбада.
Желідегі жұрт бұл жағдайға түрлі пікір білдіруде. Тіпті тасжүректікке жағаларын ұстап отыр.