Saturday, 23 November,2024

Негізсіз үкім шығарған: Аппелияциялық сотта Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты дабыл қақты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Астанада экс-минист Арыстанбек Мұхамедиұлының аппелияциялық соты өтіп жатыр. Онда сотталушының адвокаты бірінші сатыдағы сотта судья негізсіз үкім шығарғанын айтуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мұхамедиұлының адвокаты Әйгерім Әнуарбек соттың шығын ретінде көрсеткен соммасы әділетсіз дейді.

"221 млн 411 мың 230 теңгеге азаматтық талап арыз бар. Біз бұл тарап арызбен келіспейміз. Бірінші сатыдағы сот шығын көлемі негізсіз белгілеген. Сот 155 млн теңгені шығын деп есептеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова шығынды ішінара өтеді – 111 млн теңге төледі. Бірақ соттың бұл соманы қылмыстық іс шығыны ретінде қарастырылады деп шешкені бізге түсініксіз. 111 млн теңгені Ысқақова күйеуі Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету үшін төледі. Шығын көлемі – 155 млн теңге. Бұл соманы сот 4 айыпталушы арасында тең бөлуі керек еді. Бұл соманы 4-ке бөлсек, әр адам 38 млн теңгеден өтеуі керек. Сот Мұхамедиұлы мен әйелінің рұқсатын алмастан 155 млн теңгеден 111 млн теңгені алып, басқа да сотталушылардың орнына шығынды өтетіп отыр. Сот барысында бұл туралы әңгіме болған емес. Сот Ысқақованың қаражатын негізсіз жұмсаған. Заң бойынша қалған ақша Мұхамедиұлының әйелі Ысқақоваға қайтарылуға тиіс. Мұхамедиұлы кінәсін мойындап, ол соманы шығынды өтеуге қолдануға болатыны туралы өтінішхат жолдаса, мұндай жағдайда оның жазасын жеңілдетуді сұраймыз. Себебі ол шығынды теңдей бөлгенде өз бөлігін төледі және басқалардың орнына да төлеп отыр. Егер Мұхамедиұлы кінәсін мойындамай, ешқандай өтінішхат жазбайтын болса, онда қалған 72 млн теңгені Ысқақоваға қайтаруды сұраймыз", - дейді адвокат.

Айта кетейік, 2023 жылдың 20 маусымында Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садуақасоваға сот үкімі шықты. Экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұсынылатын