Непалда болған жер сілкінісінен 128 адам қаза тапты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Непалда жойқын жер асты дүмпуінен 100-ден астам адам опат болды. Табиғи апат 4 қарашада болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі Непал астанасы Катмандудан 400 шақырым жерде болған. Соның салдарынан 128 адам қаза тапты. Билік өкілдерінің айтуынша, үйінді астында көптеген адам қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, 2015 жылы болған 7,8 балдық жер сілкінісі кезінде 9 мыңға жуық адам мерт болған еді.