Saturday, 23 November,2024

Нигерия Президенті тақтан құлады: Әскерилер билікті басып алды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Нигерияда әскерилер билікті басып алды. Осылайша Прездент Мұхаммед Базум тақтан тайдырылып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әскерилер елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты Нигер президенті Мұхамед Базумның биліктен тайдырылғанын және конституцияның тоқтатылғанын хабарлады. Өздерін "Отанды қорғау ұлттық кеңесі" деп атаған бір топ сарбаз мемлекеттік "ORTN" телеарнасынан таратқан видеодан төңкеріс туралы мәлімдемені оқыды.

Подполковник Амаду Абдрамане оқыған мәлімдемеде қауіпсіздік жағдайының нашарлауы және елдің бастан кешіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа байланысты билік әскерилер қолына өткен.

Мәлімдемеде сағат 22:00 мен 05:00 арасында коменданттық сағат енгізілетіні және барлық шекаралардың жабылғаны атап өтілді.

Соңғы дерекке сүйенсек, елдегі болған қарулы шабуылда 7 адам қаза тауып, көптеген адам жараланған.

Ұсынылатын