Saturday, 23 November,2024

Нигериядағы төңкеріс: Билікті басып алған әскерилер әуежолын жапқанын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Нигерияда президентті тақтан тайдырған әскерилер әуежолын жапқанын мәлімдеді. Олар осы арқылы сырттан келетін қауіптің жолын кеспек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, генерал Тчиани бастаған әскери топ әуежолын жапқан. Әзірге қанша уақытқа шектеу қойылғаны белгісіз. Олар сырттан келетін қауіптің бетін осылайша тоқтатуды көздеп отыр. Яғни енді әуекеңістігінде байқалған кез келген қозғалыс қандай жолмен болсын жойылмақ.

Билікті қолдарына алған әскерилердің бұл әрекетін қолдаған халық бас қаланың стадионына жиналып, ұрандатуда.

Еске салайық, бұған дейін өздерін "Отанды қорғау ұлттық кеңесі" деп атаған бір топ сарбаз елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты мемлекет президенті Мұхамед Базумды тақтан құлатты. Тіпті оны қамауға алды. Осылайша елде конституциялық жүйе тоқталғанын, бұрынғы президент орнынан генерал Тчиани отырғанын ашық мәлімдеді.

Көп ұзамай әскерилердің әрекетін сынға алған Батыс Африка мемлекеттерінің Экономикалық Қоғамдастығы (ECOWAS) елдері президенттік гвардиясының жетекшісі, генерал Абдурахман бүлікшілерге жылдам ес жиып, бұрынғы президентті қайта тағына отырғызуды талап еткен. Орындалмаса күш қолданатынын мәлімдеген. Бірақ Нигерия билігін басып алған топ ол талапты орындамақ түгілі, енді елдің әуежолын жауып тастағанын хабарлап отыр.

Ұсынылатын