"Нұр-Мұқасан" тобы қайта құрылуы мүмкін
Uaqyt.info

Тарап кеткен "Нұр-Мұқасан" тобы қайта құрылып, түлеуі мүмкін. Бұл туралы топтың бұрынғы солисті Мұқасан Шахзадаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, Нұрлан Қонысбаевпен қарым-қатынастары тәуір, ара-тұра бас қосып тұрады екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Топтың құрылғанына биыл 33 жыл болады. Нұрлан өз алдына шығармашылықпен айналысуда. Мен бөлек кеттім. Екеуіміз екі бөлекпіз. Дегенмен, кім біледі? Бәрі мүмкін ғой. Алдағы уақыттың еншісінде. Желідегі суреттегідей кездескенде құшақтасып, амандық-саулық сұрасамыз. Өткенде жақын бір досымыздың туған күнінде бас қосқанымыз бар", - деді Мұқасан Шахзадаев.