Saturday, 23 November,2024

“Нұреке, әртіссің”. Елде көлік тапшылығы жоқ деген Смағұловқа белгілі журналист жауап берді

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Журналист Диас Нұрақын Astana Group президенті, кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың “блогерлер әлеуметтік шиеленісті тудырып хайп жасап жүр” деген сөзін сынады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Біздің елде көлік тапшылығы жоқ. Бәрін бүлдіріп, хайп қуған блогерлер депті Нұрлан Смағұлов. Нұреке оңбай кетейін, әртіссің ғой! Расымен дәл қазір салондарда көлік көп. Тіпті диллерлер өткізе алмай жатыр. 30% қазір төлеп, қалған 70 % бір жылдан кейін төле деп әркімге тықпалап жатыр.

Аяқ-асты көліктің бұлайша көбеюіне бірнеше фактор әсер етті.

Біріншіден. Ресейліктер бізден көлік тасуды кілт тоқтатты. Өйткені тиімсіз болып қалды. Осыдан 4-5 ай бұрын рубльдің курсы тоғыз теңге болғанда талай қушыкеш пайда тапты. Мәселен бір миллион рубль әкеліп оны теңгеге ауыстырғанда 9 млн теңге болды. Ал, қазіргі курс 4-5 теңге көлемінде. Демек 1 млн рубльің 4-5 млн теңге. Баға екі есеге құлдырады. Бұл ресейліктерге тиімсіз. Сондықтан заңсыз көлік экспорты тоқтады.

Екіншіден. Үкіметтің 4% автонесиелеу деген ертегісі ерте бітті. Наурызда ашылуы тиіс револьверлік жүйе сәуірдің соңы болса да әлі берілген жоқ. Нақ осы 4% жыры басталғанда салондар бағаны көтеріп, тапшылықты қолдан жасады. Осы арқылы өз тамыр-таныстарын жарылқап, қала берді безочередь көлік шығарып беріп ақша жасады. Қазір ондай майшелпек жоқ. Тоқтады.

Үшіншіден. Инфляция шарықтап, стандартты автонесие пайызы 24-29 % бірақ көтерілді. Халыққа бұл тиімсіз. 10 млнға көлік алсаң 30 млн қылып қайтарасың. Ай сайынғы төлемі 350-400 мың көлемінде. Оны ешкімнің қалтасы көтермейді. Сондықтан кредитке көлік алатындар саны азайды.

Міне осы факторларға байланысты қазір жаңа көліктер өтпей жатыр. Оның үстіне бағасы тым қымбат. Онсызда күнін әрең көріп отырған халық елантра емес ет, сонато емес сүтті қалай аламыз деп басқайғы болып жүр.

Егер осы үрдіс жалғаса берсе жарты жылдан кейін автосалондардың арты ашылады. Шығынға батады. Амалсыз бағаны түсіріп, көлік алсаң төрт доңғалақ қосып береміз деген сияқты түрлі акциялар жасауы мүмкін. Лайым солай болғай. Жаппай жабылып қалса да қылпығым қисаймас еді. Себебі салондарды тойдырып болдық”, - деп жазды Диас Нұрақын.  

Ұсынылатын