Friday, 20 September,2024

Нұрлан Байжігітұлы Астанадағы мешітке бас имам болды

Алмас Абылай
Фото instagram.com/nurlanimam.kz/

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы елордаға көшті. Ол Астанадағы мешітке бас имам болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы имам өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Әрі бұл қуанышты жаңалық екеніне тоқталған.

"Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы "Алланың гүлі" аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Ұсынылатын