Saturday, 23 November,2024

Нұрлан Еспановтың бойдақ ұлы қыздарға қырындаймын деп басы дауға қалды

Uaqyt.info
Фото

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы әлеуметтік желіде қыздарға қырындаймын деп қызметінен қуылды. Олжас Еспанов Сүлеймен Демирел атындағы университетте баспахана қызметкері болып жұмыс істеген. Университет басшылығы қыздарға интимдік сипаттағы хат жазған қызметкермен келісімшарттың бұзылғанын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әлеуметтік желіде СДУ қызметкеріне қатысты келеңсіз оқиға болды. Бұл жағдай университеттің ішкі тәртібіне сай келмейтінін бәріміз білеміз. Сондықтан қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Айта кетейік, Олжас Еспанов педагогикалық бағытта жұмыс істемеді. Әкімшілік бөлімге қарайтын, баспахананың қызметкері болды. СДУ университеті сапалы білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. СДУ қызметкерінің тарапынан осындай келеңсіз жағдай болғанына өкінеміз”, – делінген ресми ақпаратта.

Ал Олжас Еспанов өзінің қателік жасағанын мойындап, әлеуметтік желіде былай деп жазба қалдырды.

“Бәріңіз мен туралы өсек соғып, бір-бірлеріңізге жіберіп болдыңыздар ма? Осындай қиын сәтте кімнің кім екенін білдік. Ер адам болған соң басыңа не келіп, не кетпейді?! Сынақ қой бәрі де. Қыздарға жазбай жүр екенмін ғой. Сіздерге біреудің шалынып құлағаны жетпей жүр екен ғой. Хейтерлерге жалынды сәлем. Алланың көзі тура болсын. Бұл өмірде қателік жасамайтын адам жоқ. Бәрі де қателеседі, себебі біз пендеміз, – деді Олжас Еспанов.

Ұсынылатын