Нұрлан имам Алтынай Жорабаеваның қызына азан шақырып, атын қойды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жақында ғана босанған әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызына Амина деп ат берді. Сәбидің есімін қоюға ол Нұрлан имамды арнайы шақыртқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде "Зерек болсын" деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз", - деп жазды Алтынай Жорабаева.