Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі шықты
Кәрім Мәсімовтің немере інісі, Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Онда Мәсімовтің 10 жыл түрме жазасына кесілгені айтылған. Сондай-ақ ол мемлекеттік наградасынан және генерал-майор атағынан айырылуы мүмкін.
«Сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368, 189-баптары бойынша кінәларын мойындамады және ақтауды сұрады. Е., өз кінәсін толық мойындады. Алқабилердің қатысуымен сот кесімі бойынша сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылды. М.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. C.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Е.-ге мүлкін тәркілеумен, 7 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындады», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Мәсімовке 2022 жылы іздеу жарияланған болатын. Көп ұзамай ол Ресеймен шекарада қолға түсті.