- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Нұрландыра көр..." Бас муфтидің Назарбаев тұрғызған мешітте жылағаны жұрт талқысына түсті
"Нұрландыра көр..." Бас муфтидің Назарбаев тұрғызған мешітте жылағаны жұрт талқысына түсті
Елордадағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғызған мешітінде еңіреп жылаған Бас муфти Наурызбай Тағанұлы жұрт талқысына түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бас муфтидің жылаған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода Наурызбай Тағанұлының дұға жасау кезінде көзіне жас алғанын байқайсыз. Десе де ол әрбір сөзін "нұрландырумен" байланыстырған.
"Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы кеше Астанадағы диктатор Назарбаев тұрғызған мешітте "Алла-Тағала қасиетті Құран нұрымен Отанымызды нұрландыра көр" деп еңіреп жылапты. Қазақтар Нұрсұлтаннан зорға құтылғанда, бұл қайтадан елімізді нұрландыр дей ме?! Канондық діни рәсімдер мен таяу шығыстық пайғамбарлардың өмірбаяны баяндалған, яғни ортағасырдағы Мұхамедтің сахабалары жазып-жинақтаған Құран қалайша Қазақ елін нұрландырады", - деп жазылған бейнежазбаға.
Желідегі жұрт бас муфтидің бұл әрекетін қызу талқылауда. Басым бөлігі оны сынға алған.
"Ақша үшін жылап жатыр". "Мынаны орнынан аламыз деді ғой,сосын жанталасып шалға жалбарынған түрі ғой". "Кәсіби әртіс дерсің", - деген пікірлерін қалдырған желі қолданушылары.