Friday, 18 October,2024

Нұрлыбек Нәлібаев кімнің арқасында әкім болып отыр?

Uaqyt.info
Фото

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кімнің арқасында әкім болғанын айтты. Ол тілшілердің жоғары лауазымға тағайындалуына марқұм ағасы Бердібек Сапарбаевтың ықпалы тиді ме деген суалына былай деп жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ол кісі маған қалай қолдау көрсете алады? Әкімді кім тағайындайтынын білесіздер ме? Әкімді Президент тағайындайды. Біліміне, еңбегіне қарай депутаттардың келісімімен тағайындалады. Менің биографиямды қарасаңыздар, мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарып келе жатырмын. Өз еңбегіммен тағайындалдым деп есептеймін. Кеше мемлекет басшысы облысымызда іссапармен болды. Істеліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мен жұмыстардың бәрін өзім ғана жасап бітіріп жатырмын деп айтпаймын. Президентіміздің, Үкіметіміздің қолдауымен, сол жердегі халықпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс. Дұрыс жұмыс болмаса, оң баға бермейтін еді”, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Ұсынылатын