Saturday, 27 April,2024

Нұрмұхамед Байғараев Тоқаевтың Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ұсынылатын