Sunday, 8 September,2024

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада марқұм інісіне арнап ас берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана қайтыс болған ініс Болат Назарбаевқа арнап ас берді. Астананың бас мешітінде өткен жиынға адамдар арнайы тізім арқылы кіргізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Асқа Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов, экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров секілді танымал тұлғалар келген.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада қайтыс болған еді. Оның денесі Шамалғандағы қорымда жерленген.

Ұсынылатын