Нұрсұлтан Назарбаевтың министрмен құда болғаны рас па? Ведомство жауап берді
Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info
ҚР Энергетика министрлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы мен Алмасадам Сәтқалиевтің қызының үйленгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы arbat.media сайты жазды. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: Энергетика министрінің қызы видеодағы сыныптасымен жеке қарым-қатынаста емес. Алмасадам Сәтқалиевтің бұрынғы президентпен ешқандай туыстық байланысы жоқ”, - делінген ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман мен Энергетика министрі Аламасадам Сәтқалиевтің қызы Анадельяның некеге тұрғаны туралы ақпарат қызу талқыланған болатын. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін жазды.