- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті ме?
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті ме?
Халық арасында “Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қор апаттан зардап шеккен өңірлерге неге көмектеспеді?” деген сұрақ жиі айтылып жүр. Осыған байланысты қордың ресми сайты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бұл жарияланым мен мәлімдеменің ешқандай объективті әрі нақты негізі жоқ деп мәлімдеме жасау қажет деп санайды. Қор қоғамға шынайы және сенімді ақпарат берудің маңыздылығын атап көрсетеді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарды қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш Президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз”, - деп жазылған мәлімдемеде.