Saturday, 23 November,2024

Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынып тасталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астандағы ұлттық музейдің атриумынан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Uaqyt.info El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл экспонат (Назарбаев ескерткіші) мұражайдың меншігі болып табылады және зал концепциясының өзгеруіне байланысты Музей қорында сақталатыны белгілі болды.

“Шілде айында өтетін Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, Мұражай кеңістігін жетілдіру процесі басталған. Дүниежүзілік мұражай тәжірибесіне сәйкес, әрбір мұражай өзінің көрме залдарының концептуалды мазмұны мен көркемдік-стильдік дизайнын әрдайым жаңартып отыруға міндетті”, - деп жауап берді музей қызметкерлері.

Айта кетейік, жақында Қорғаныс министрлігіне қарасты университеттің алдында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін алып тастағаны белгілі болды.

Ұсынылатын