Tuesday, 14 May,2024

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Энергетика министрінің қызына үйленді – БАҚ

Uaqyt.info
Фото arbat.media

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Анадельямен некесін қиды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы arbat.media сайты жазды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауманның Алмасадам Сәтқалиевтің қызы Анаделья Майдановамен некеге тұрғаны айтылған.

Ел арасында Тауман Нұрсұлтанұлы экс-президенттің үшінші әйелі Әсел Құрмановадан туған деген ақпарат бар. Басылымның мәліметінше, Тауман 2005 жылы дүниеге келген. Әсел 1999 жылғы “Мисс Қазақстан” байқауының жеңімпазы екенін айта кетейік. 
Әзірге бұл ақпаратқа қатысты министр сұхбат берген жоқ. 

Ұсынылатын