Monday, 16 September,2024

Нұрсұлтан Тұрсынов олимпиада жолдамасына қол жеткізді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсыновтың жолы болды. 87 келі салмақта күресетін ол әзірбайжандық балуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жығып, төрткүл дүние көз тігетін байрақты бәсекеге жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Белградта 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Бұл Ұлттық құрама палуандары үшін тарихи нәтиже.

Ұсынылатын