Saturday, 23 November,2024

Нұртөре Жүсіп :”Стандартқа сай емес хостелдердің жұмысын тоқтату керек”

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сенатор Нұртөре Жүсіп стандартқа сай емес хостелдердің жұмысын тоқтату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Қазіргі уақытта Алматыда, Астанада, қай қалада болсын студенттердің жатақханаға орналасуы өте қиын. Көбіне бірінші курс студенттеріне ғана орын беріп, қалған курстарға түрлі сылтау айтып, орын бермеуге тырысады. Қаражаты, шәкіртақысы жетпегеннен кейін не істейді? Амал жоқ, арзан хостелдерді жағалайды. Ал олардың қауіпсіздігін, сапасын қаншалықты қадағалап жатқанын білмеймін. Мынадай жағдай оларға да назар аударатын уақыттың әлдеқашан жеткенін көрсетіп отыр. Болашақта мұндай жағдай қайталанбауы үшін стандартқа сай келмейтін хостелдердің жұмысын тоқтату қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әсіресе қонақүйлерді, хостелдерді, жатақханаларды, кезінде барақ үлгісінде салынған құрылыстарды тексеру керек. Өйткені, аяқ-астынан 13 адамның осындай қайғылы жайтқа тап болуы - қасірет. Жауапкершілік мәселесін қатаңдатқан дұрыс», - деді сенатор.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапқан болатын. Uaqyt.info қайғылы оқиға туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

 

Ұсынылатын