Нұржан Төлендиев жиенді болды
Uaqyt.info

Танымал актер, “Алдараспан” театрының директоры Нұржан Төлендиевтің жиені дүниеге келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сүйінші хабарды актердің қызы Қорлан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Аллаға шүкір”, - деп жазды Қорлан.
Айта кетейік, ақпан айында Нұржан Төлендиев қызын ұзатып, дүркіретіп той жасаған болатын.