Monday, 16 September,2024

Обал емес пе? Қарағандыда ұрлықшылар асыл тұқымды жылқыны ұрлап, соғымға сойып жіберген

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында ұрлықшылар асыл тұқымды жылқыны ұрлап, соғымға сойып жіберген. Араб тұқымды бәйге атының құны 1,5 млн теңге, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтар ұсталды. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағанын жеткізді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Ұсынылатын