- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Өгей әке зорлығы жиіледі". Белгілі адвокат баласы бар әйелдерді екінші рет тұрмыс құрмауға шақырды
"Өгей әке зорлығы жиіледі". Белгілі адвокат баласы бар әйелдерді екінші рет тұрмыс құрмауға шақырды

Белгілі адвокат Айман Омарова әйелдерге ескерту жасады. Ол баласы бола тұра екінші рет тұрмысқа шығатын әйелдерді мұндай қате қадамға бармауға шақырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы адвокат Facebook-тегі парақшасында жазды. Сөзінше қазіргі уақытта өгей әкелердің балаларды зорлау фактілері жиілеп кеткен. Ал оның көп жағдайы дәл осы баласымен екінші рет тұрмысқа шыққан отбасыларда кездесетін көрінеді.
"Әрбір аптам балаларға қысым көрсеткен, зорлық-зомбылыққа душар еткен қатігез әкелердің ісімен, сотымен басталады. Осы орайда бірінші некеден балалы болып, сол кішкентайларымен екінші мәрте тұрмыс құруға ниетті әйелдерге ескертуім бар. Өйткені қазір қоғамда өгей әкелердің балаларды зорлау фактісі өте жиілеп кетті. Мысалға соңғы қатысып жүрген 6 сот отырысының төртеуі дәл осындай жағдай. Сондайқтан, әйелдер, баламен тұрмысқа шықпаңыздар. Балаларыңыздың қауіпсіздігі ер адамның махаббатынан әлдеқайда маңызды. Бүлдіршініңізге қамқор болыңыз", - деп жазады ол.
Оның жазбасы оқырмандар арасында қызу талқылануда.