Saturday, 23 November,2024

Өгейдің аты- өгей: Түркістанда балаларды тепкілеген ер адамның кім екені белгілі болды

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Түркістан облысында кішкентай балаларды аяусыз тепкілеген ер адам балардың өгей әкесі болып шықты. Қазіргі таңда ол қамауда отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желілерде тараған болатын. Онда соқталдай ер адамның қорғансыз баларды тепкілеп жатқанын көруге болады. Масқара жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі өкілдері жауап берді.

“Кеше бізге Түркістан облысында өгей әкенің осындай әрекетке барғаны туралы ақпарат түсті. Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолданылып жатыр”, - деді департамент өкілі.

Ұсынылатын