Friday, 17 May,2024

Ойыннан өрт шықты: БҚО-да көлік капотына мініп сырғанаған қыз қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында көліктің капотына мініп сырғанаған қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Ветелки ауылында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Ондғалырадың айтуынша, жасөспірім ауруханаға жедел жеткізілгенмен, ақ халаттылар оның өмірін аман алып қала алмаған.

“5 қаңтар күні сағат 23:41-де полицияға 17 жастағы қыздың ауруханаға жеткізілгені, ол есін жимай қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер қыз бен оның достары көлікке ескі капотты жалғап, үстіне мініп сырғанағанын анықтады. Сырғанап бара жатқан кезінде қыз газ тірегіне соғылған”, – деді баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Ұсынылатын