Ойыннан өрт шықты: Сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді
Uaqyt.info
Фото
Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, деп хабарлайды Uaqyt.infо.
Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды. Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады. Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген.
Шығын көлемі 4 млн теңгені құрады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек.
ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген орын алса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн.