Monday, 16 September,2024

Өкілеттігін асыра пайдаланған: Алматы қаласы әкімдігінің лауазымды шенеунігі ұсталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Антикор Алматы қалалық әкімдігі урбанистика басқармасының басшысын ұстады. Ол жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктенуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Антикор дерегіне сүйенсек, урбанистика басқармасының басшысы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларының мүддесі үшін 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен.

Нәтижесінде мемлекетке 307 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілді.

Бұдан басқа, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып (инвестициялық жобаларды іске асыру түрімен), мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал етті. Шығын 180 млн теңгені құрады.

Осылайша шенеунік соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатыстығы тексерілуде.

Ұсынылатын