Saturday, 23 November,2024

"Ол еліне қайтқысы келді". Серік Күдебаевтың ұлы әкесі құзырлы органға өз еркімен берілгенін мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба ZTB арнасында тарады. Видеода Серік Күдебаевтың ұлымын деген Арман Мырзақұлов әкесі жайлы мәлімдеме жасаған. Яғни, оның сөзінше Күдебаев Қазақстандық құзырлы органға өз еркімен берілген.

"Әкем інім Асланбекке қоңырау шалып елге қайтқысы келетінін және мұнда оны күтіп отырғанын айтты", - дейді ол бейнежазбада.

Сонымен қатар Арман Күдебаевтың 4 баласы бар екенін, өзі екінші ұлы болатынын түсіндірген.

Еске салайық, бұған дейін экс-полицей Серік Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын жазған едік.

Ұсынылатын