Saturday, 23 November,2024

Ол қамауда отыр: Полиция Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полицияда айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған әнші Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр.

"Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ. Сонымен қатар, А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаймыз", - делінген ақпаратта.

Яғни оған билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Ұсынылатын