Sunday, 24 November,2024

“Ол -теріс ағымның өкілі”. Депутат өзін популист деген Бекболат Тілеуханға жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бекболат Тілеуханның пікіріне жауап берді. Естеріңізде болса, журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында ол бір топ депутатты популист деп атаған болатын. Оның ішінде Ермұрат Бапи де бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Бекболат Тілеухан сияқты жігіттер ойына келгенін сөйлей береді. Аталған азаматтар ең бір өткір және саяси тұрғыда айтылмай жүрген тақырыптарды көтеріп, оны биліктің алдында, қоғамның алдында ашық айтып жүрген жігіттер. Сондықтан оларды кекету, мұқату тұрғысында Бекболаттың айтқан әлдебір бықсық сөзіне көңіл бөлетіндей мұршам жоқ. Популизмнің өлшемі қандай екенін сіздер анықтамасаңыздар, мен өз азаматтық ұғымымда ел перзенті ретінде қоғамға қажет шаруамен айналысып жатырмын деп есептеймін. Ешқандай жерде мен ұран салып, атымды, затымды жарнамалау үшін далбасалап жүрген жағдайым жоқ. Соңғы көтерген мәселем – қоғамдағы теріс діни ағымдарға байланысты. Оның қай жерінде популизм болуы мүмкін? Қоғамды жайлап бара жатыр. Әрине, ол Бекболат Тілеуханның шымбайына тиеді. Б..тына ши жүгірткендей болып отыр. Өйткені ол – теріс ағымның өкілі. Содан кейін ол бізге қарсы айтып жатыр”,– деді Ермұрат Бапи.

Ұсынылатын