Thursday, 28 November,2024

“Олай айтқан жоқпын”. Вице-министр сөзінен секірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

85 мың теңгеге өмір сүруге болады деп мәлімдеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев өз сөзіне қарсы шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кітапханашылардың алатын 85 мың айлығына өмір сүруге болады деп айды аспанға бір-ақ шығарған Олжас Ордабаевтың мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланған болатын. Сынға ұшыраған Ордабаев өз сөзіне жауап берді. Оның айтуынша, оның сөзін халық дұрыс түсінбеген сыңайлы.

"Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек деп айтқан жоқпын. Әрине бұлай емес. Бұл - мемлекет белгілейтін ең төменгі кепілдендірілген деңгей және жұмыс беруші жалақыны одан төмен қоя алмайды. Қазір еңбек нарығында біліктілікке, білімге, дағдыларға байланысты жоғары жалақы бар екені түсінікті. Егер біз тек еңбек нарығына шығатын жас қызметкерлер туралы айтатын болсақ, мұнда Еңбек министрлігі жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұсынады", - деп айтты Олжас Ордабаев елордада өтіп жатқан Еңбек күніне арналған форумның кулуарда.

 

 

 

 

Ұсынылатын