Saturday, 23 November,2024

“Өлгенше ұрып-соққан”. Ақтөбедегі спорт-интернатта қаза тапқан оқушыға қатысты тың дерек шықты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатында көз жұмған оқушының өліміне қатысты марқмұның туыстары тың дерек айтты. Олардың айтуынша, Бексұлтан кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Менің інім Бексұлтан Әбубәкірді орта мектеп оқушылары өлгенше ұрып-соққан. 11 сәуірде кешкі уақытта бөлме жиналмағаны үшін әлімжеттік жасалған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен 9-сынып оқушылары ұрып-соқты, ол олардан 5 соққы алды. Содан кейін 10-сынып оқушысы оны бетіне екі рет, кеудесіне бірнеше рет соққы жасады. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалды. Бексұлтан ұрып-соғудан қайтыс болды”, - дейді өзін марқұмның ағасы ретінде таныстырған жазба авторы.

Полиция қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын