- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Өлі бала тудым”. Баян Алагөзова тұңғыш перзентінің қалай шетінегенін айтты
“Өлі бала тудым”. Баян Алагөзова тұңғыш перзентінің қалай шетінегенін айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы алғашқы жүктілігінің ауыр әрі қайғылы өткенін еске алды. Оның айтуынша, тұңғыш перзенті құрсақта жатқанда шетінеп кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Stan.kz жазды.
“Тұрмысқа 19 жасымда шықтым. 20 жасымда жүкті болдым. Үш рет құрсақ көтердім. Айсәуленің алдында бір бала шетінеп кетті. Айсәуле – екінші перзентім. Тұңғыш баламның жүрегі отыз алты аптаға жақындағанда тоқтап қалды. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде өте жас болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім. Дәрігерлер мені дайындады",– деді Баян Алагөзова.
Продюсердің айтуынша өлген баланы жатырдан тазалау үшін қаладағы ешбір емхана қабылдамаған көрінеді.
"Бұл оқиғаның болғанына – 29 жыл. Ол кезде медицина дамымаған кез. Ешқандай дәрігер жауапкершілік алғысы келмейді. Дәрігерлер ата-анамнан "егер бірдеңе бола қалса, ешқандай шағым түсірмейміз", деп қолхат жаздырып алды. Кесарь тілігін жасауға болмайды, өйткені инфекция түсуі мүмкін. Сол үшін он күн бойы дәрі салды. Кейін санап шықсам, сол кезде жамбасыма күніне қырыққа жуық екпе салған екен. Оңай емес, өлген баланы он күн бойы ішімде көтеріп жүрдім, сол үшін инфекция тарамасын деп екпе сала берді. Сосын он күннен кейін босандым. Бірақ үш айдан кейін Айсәулеге қайта жүкті болдым", – дейді продюсер.