Saturday, 23 November,2024

Өлілер рухын мазалайды: Ұлыбритания Эфиопияға 19-ғасырда жерленген ханзадасының денесін қайтармай отыр

Алмас Абылай
Фото ВВС

Букингем сарайы 19-шы ғасырда Виндзор қамалында жерленген эфиопиялық ханзаданың сүйегін қайтарудан бас тартты. Алемайеху есімді ханзада Ұлыбританияға тұтқын есебінде жеткізіліп, 18 жасында қайтыс болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек Эфиопия ханзадасы 7 жасында анасымен Ұлыбритания жеріне барған. Біраған жолай анасы көз жұмып аталмыш елде жетім қалады. Көп ұзамай билік оның асыл тұқымнан екенін анықтап, өз қарамағына алған. Бірақ Алемайеху 18 жасқа толғанда қайтыс болыпты. Ханзаданы Виндзор қамалына жерлеген. Онда Ұлыбританияның ақсүйектері жатыр.

Енді Эфиопияда патшалығы өз бабасын елге алып келмекші болған. Бірақ Букингем сарайы бұл өтініштен бас тартып отыр. Себеп – ханзада сүйегін қазып алу, бейіт басындағы өзге өлілердің рухын мазалайды.

Жалпы Эфиопия ханзадасы Ұлыбританияға соғыс кезінде тұтқын ретінде жеткізілген. Яғни Ұлыбритания Эфиопиямен келісе алмай, кейін әскерімен басып кіріп, ондағы билікті тас-талқан еткен. Артынша бүкіл байлықпен бірге ханзада мен анасын тұтқын ретінде алып кетеді. Тарих тарамдарына сүйенсек, сол кезде құнды жәдігерлер мен алтын-әшекейлерді алып кету үшін ондаған піл мен жүзге жуық қашырға артқаны жазылған.

Ұсынылатын