Friday, 22 November,2024

Олимпиада чемпионы 32 жасында көз жұмды

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Тори Боуи 32 жасында көз жұмды. Атақты спортшының неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Sports.kz жазуынша, америкалық Тори Боуидің денесі Флорида штатынан табылған. Әзірге оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Бірақ БАҚ беттерінде ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр.

Айта кетейік, 32 жастағы Тори Боуи 4х100 метрге жүгіруден Рио-2016 ойындарының жеңімпазы. Сондай-ақ ол сол жарыста 100 метрге жүгіруден күміс, ал 200 метрде қола жүлдегер атанды. 2017 жылы Боуи 100 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды және спринт эстафетасында жеңіске жетті.

Ұсынылатын