Saturday, 18 May,2024

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Серік Сәпиев "Қазақстан спортшылары одағы" РҚБ президиумының төрағасы болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстан спортшылары одағының жазуынша, бірлестік жұмысы жаңа деңгейге көтерілуде. Осы орайда заманауи мәселелерді жан-жақты шешу, проблемаларды талдау және шаралардың уақтылы орындалуы үшін одақ президиум құру туралы шешім қабылданған.

"Барлық өзекті мәселелер алқалы түрде шешілетін болады. "Қазақстан спортшылары одағы" РҚБ жалпы жиналысының шешімімен жарғының 5.2 және 5.9-тармақтары негізінде Серік Сәпиевті Қазақстан спортшылары одағы Президиумының төрағасы етіп тағайындау шешілді. Спорт ұзақ уақыт бойы күш пен реакцияның ерекшелігі болудан қалды, ол әдіснама, ғылым және психология арасындағы күрес болып отыр", - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын