Saturday, 23 November,2024

Олжас Бектенов Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы Ақорда арнасы жазды. Онда Олжас Абайұлы Бектеновтің Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалғаны туралы айтылған. Айта кетейік, ол бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы қызметін атқарды.

Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер».

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.

2002-2005 жылдары Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы.

2005-2006 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2006-2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс жасады.

2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі.

Ұсынылатын