Олжас Сүлейменовтің қызы мінсіз мүсінімен көпті тәнті етті
Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің қызының ашық-шашық фотолары ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мадина Сулейменованың фотоларын Telegram-дағы Ösek–tösek арнасы жариялады. Онда ақынның қызының салтанатты кештердің құрметті қонағы екені және оның образына қатысты мәліметтер айтылған.
“Алматыда бірде-бір кеш Мадина Сүлейменованың қатысуынсыз өтпейді. Ол үнемі қымбат бренд киімдерді киеді және пластикалық операцияларды жасатқанды ұнатады”, - делінген жазбада.
Мадинаның мінсіз мүсініне қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікір жазылып жатыр. Ал модельдің өзі бұл образына әкесінің қарсы еместігін алға тартқан.
“Әкем мені үнемі қолдап жүреді. Ол шығармашылық адамы. Менің сәнді жүргенім ол кісіге ұнайды, ал ол маған шабыт береді”, - дейді Мадина Сүлейменова.
Мадина Сүлейменованың жеке өміріне қатысты ақпарат жоқ. Ел аузында жүрген пікірлерге сүйенсек, ол өзінен біршама жас жігіттермен көңіл көтергенді ұнатады.