Saturday, 23 November,2024

Омар Жәлел төртінші рет үйленбек

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі ғалым, соңғы уақытта “Сюцай” ғылымын насихаттап жүрген Омар Жәлел төртінші әйел алмақ. Бұл туралы оның ұстазы Жанат Қожамжаров айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дастархан басында отырған Омар Жәлел мен Жанат Қожамжаровтың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда белгілі ұстаз шәкіртіне төртінші әйел алып беретінін, ал тойын өз қаржысына жасап беретінін айтады. Ол тіпті Омар Жәлелге ол үшін арнайы шарт та қойып отыр.

“Төртінші әйелді мен жастауынан алып беріп, тойын өзім жасап беремін. Солай достар, Омар төртінші әйел алып, соны өзім жасаймын. Осы роликті таратыңдар, ел білсін. Оған дейін сен 20 келі салмақ тастап, сыптай жігіт болып тұруың керек. Жаңадан өмір бастайсың, - дейді Жанат Қожамжаров.

Әзірге бұл әңгіменің рас-өтірігі белгісіз.

Ұсынылатын