- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Оңай емес". Кореяда жұмыс істеймін деп 5 жылдан кейін үйіне оралған әйелдің бейнежазбасы жұрт жүрегін елжіретті
"Оңай емес". Кореяда жұмыс істеймін деп 5 жылдан кейін үйіне оралған әйелдің бейнежазбасы жұрт жүрегін елжіретті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте өз үйіне араға 5 жыл салып әрең жеткен әйелдің бейнежазбасы тарады. Ол Кореяда жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан әйел кісінің ұарт анасымен қауышқан сәтін көруге болады. Мұнан кейін төсек тартқа әкесімен де құшақтаса амандасады. Үйдегі адамдардың бәрі қатты жылап жүр. Бейнежазбаға Кореяға жұмыс істеуге кеткен анасының 5 жылдан кейін ғана оралғаны жазылған.
Дей тұрғанымен әйелдің үй ішімен көрісуі жұрттың қызу талқысына түсіпті. Жүректері елжіреген желі қолданушылары тіпті әсерлі жазбаларын да қалдыруда.
"Өте әсерлі екен. Қазақтың басынан не өтпеді". "Қашан адам сияқты өмір сүреміз екен". "Ата-анаңызға аллам ұзақ ғұмыр берсін". "Ол жақта ақша табу өте қиын. Соңы жақсылық болсын". "Оңай емес, елге қош келдің", - деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.