Sunday, 24 November,2024

Оңстүстік Кореяда қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды: Олар жалған құжат жасаумен айналысқан

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстандық ерлі-зайыпты Оңтүстік Кореяда шетелдіктерге жалған құжат жасағаны үшін тұтқынға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы жергілікті Lawisue агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, 23 тамызда Инчхон аудандық прокуратурасына Қазақстаннан келген ерлі-зайыпты туралы іс жіберілген. Онда 33 жастағы А. және 32 жастағы Б.-ға иммиграциялық бақылау заңнамасын бұзды және Қазақстан мен Ресейдің 117 шетелдік азаматына баспана беру туралы жалған өтініш беру арқылы құжаттарды бұрмалап, бұл үшін әр адамға 1 миллион воннан 3 миллион вонға дейін ақша алды деген айып тағылды.

Жалған баспана сұраған 117 шетелдіктің 21-і анықталып, елден шығарылды, қалғандарына іздеу жарияланды.

Ұсынылатын