Thursday, 14 November,2024

Оңтүстік Африкада 73 адам тірідей жанып кетті

Uaqyt.info
Фото

Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Йоханнесбургтегі Гаутенг провинциясында ғимарат өртеніп, 73 адам қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған 50 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

CNN хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында 13 бала бар. Қаланың төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Роберт Мулауджидің айтуынша, өрт қараусыз қалған бес қабатты ғимараттан шыққан. Онда көбіне баспанасы жоқ тұрғындар мекендейді екен. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Ал мемлекет басшысы Кирилл Рамафоса мұны трагедия деп атады.

 

 

Ұсынылатын