Saturday, 23 November,2024

Оңтүстік Корея Президентінің қайын енесі ұсталды

Алмас Абылай
Фото Yonhap

Оңтүстік Корея Президентінің қайын енесі Чой Юн Сун ұсталды. Ол жер учаскесін сатып алу кезінде банк шотын қолдан жасатқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Yonhap агенттігінің жазуынша, президент қайын енесі банктен үзінді көшірмені қолдан жасау туралы іс бойынша ұсталған. Яғни Чой Юн Сун жер учаскесін сатып алу кезінде осындай әрекетке барған. Бірақ сот кезінде кінәсін мойындамай аппеляциялық шағым түсіреді. Сот қабылдамады. Нәтижессінде әйел ұсталып отыр.

76 жастағы әйел 2013 жылы Соннамадан жер учаскесін сатып алу кезінде банктен үзінді көшірмені қолдан жасады деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырылады. Соттың мәліметі бойынша, ол шотқа 34,7 миллиард вон (27 миллион доллар) салғаны туралы анықтаманы қолдан жасаған.

Ұсынылатын