Sunday, 8 September,2024

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат биік ғимараттан құлап мерт болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 18 қабаттан құлап мерт болды. 47 жастағы марқұм Кимхэ қаласында құрылыста жұмыс істеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

KnNews сайтының жазуынша, қайғылы оқиға Кимхэ қаласындағы Квандон ауданында болған. Қаза тапқан қазақстандық 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде құлаған. Жершілікті БАҚ мәліметінше, ол қауіпсіздік жолағын орнату кезінде шалынып құлап кеткен. Әзірге СІМ қайғылы оқиғаға қатысты жауап берген жоқ.  

Ұсынылатын