Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігі әуеде ашылып кетіп, 9 адам зардап шекті
Uaqyt.info
Фото
Оңтүстік Кореяда 213 метр биікте ұшып бара жатқан борттың есігі ашылып кетіп, 9 адам зардап шекті. Ұшақта барлығы 194 адам болған, деп хабарлайды Uaqyt.info .
CNN басылымының жазуынша, ұшақтың есігі Тэгу қаласына қонайын деп жатқан кезде ашылып кеткен. Соның салдарынан 9 адам ауруханаға түсті. Алдын ала болжам бойынша, есікті есікке жақын отырған ер адам ашып жіберуі мүмкін. Полиция қазіргі таңда 30 жастағы ер адам тергеп жатыр.