Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген қазақстандық қаза тапты
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяда зауытта жұмыс істеп жүрген 30 жастағы қазақстандық мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласындағы зауыттардың бірінде болған. 30 жастағы ер адамды тоқ со,ып, соның салдарынан ол ауруханада көз жұмған. Қазір ос дерек бойынша зауытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Қазақстан азаматы зауытта көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, керек құжаттарды рәсімдеп жатырмыз”, - деді Айбек Смадияров.