Saturday, 23 November,2024

Оңтүстік Кореяға заңсыз кірген қазақстандықтарға сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяға заңсыз кіріп, қашып жүрген екі қазақстандыққа сот үкімі шықты. Сот оларға рақымшылық танытты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы олардың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

"Екеуіде Кореяда айыппұл төлеп, Отанға қайтады. Олар үш жылдық жазадан құтылды. Кім соңына дейін сыйынды, барлығына рақмет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Кореядағы консулдарға ерекше алғыс айтамыз", - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда 2002 және 2005 жылғы екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барған болатын. Бірақ әуежайда олар елге кіре алмай, Қазақстанға кері қайтуы тиіс болған. Сол кезде екеуі қоршаудан секіріп, Кореяға заңсыз өтіп кетеді.

Кейіннен олардың бірі Тэджон қаласында ұсталды. Ал екіншісі Сеулдің көші-қон қызметіне өз аяғымен барып берілді. Айта кетейік, осы әрекеттері үшін олар Оңтүстік Корея заңы бойынша,  15 жылға сотталуы мүмкін еді. Алайда, барлығы қазақстандықтар үшін жақсы аяқталды.

 

 

Ұсынылатын